$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Несие мерзімін қалай қысқартуға болады – сарапшы жауап берді

Маманның айтуынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін азайтудан клиент ұтпайды

Несие мерзімін қалай қысқартуға болады – сарапшы жауап берді
Фото: istockphoto.com

«Qazaqstan» телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында банк сарапшысы Ақгүл Кемал несиені тиімді шарттармен қалай өтеуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Несиені өтеуші азамат әр айда негізгі қарыздан бөлек қосымша төлем жасаса, несие мерзімін және үстемеақыны қысқартуға болады. Қолдағы артық ақшаны салып, ай сайынғы төлемнің мөлшерін азайту тиімсіз. Мысалы клиент ай сайынғы 184 мың теңгені төледі дейік, сол күні артық ақшасын негізгі қарызға құю арқылы мерзімін қысқарту керек. Ал ай сайынғы төлемді азайтса, одан клиент ұтпайды», - деп түсіндірді Ақкүл Кемал.

Оның айтуынша несие мерзімін кейбір банк қосымшаларында немесе банк бөлімшесіне барып қысқартуға болады.

«Негізі банкке барып жасаған дұрыс. Өйткені адам қалай және қанша қысқарғанын көзімен көріп, бәрін түсіне бастайды», - дейді маман.

Сарапшы артық ақшаны барыншы ерте құюға шақырды.

«Ай сайынғы төлемнің негізгі бөлігі банктің сыйақысына кетіп отырады. Мысалы 50 мың төлейтін болса, соның 10 мыңы ғана негізгі қарызды жабуға кетеді», - деп түйіндеді Ақкүл Кемал.

Еске сала кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова  былтыр тиісті заң қабылданғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы ставкалары төмендегенін атап өтті. Мәселен, кепілсіз тұтынушылық несиенің ставкасы 56 пайыздан 46 пайызға дейін, ипотекалық несиенің мөлшерлемесі 30 пайыздан 25 пайызға, ал кепілді несиенің мөлшерлемесі 40 пайыздан 35 пайызға дейін төмендетілген. Сонымен қатар биыл ипотекалық несие бойынша ставка 20 пайызға дейін төмендетілді. Алайда қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтергендіктен, банктердің көбі ипотекалық несие беруді тоқтатқан. Сондықтан агенттік бұл норманы қолдануды 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатқан.

Серіктес жаңалықтары