«Екі аптадан соң үйлендік»: Дәурен Айдарқұлов қазіргі жарымен қалай танысқанын айтты
Актер болашақ жарын екі айда іздеп тапқан
Танымал актер әрі КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов үшінші рет отбасын құрған жарымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бірнеше ай бұрын Threads қолданбасын өшіріп тастадым. Себебі қарапайым — бұл қолданбадан керек дүниенің бәрін алдым. Шынымды айтсам, мен оны өзіме жар табу үшін қолдандым», - деп жазды актер.
Ол болашақ жарын екі айда іздеп тапқанын атап өтті.
«Бұл қосымшаның алгоритмі менің қандай адамды іздеп жүргенімді түсінген сияқты, парақшамда болуы мүмкін қалыңдықтар көріне бастады. Екі ай өткен соң қызық бір парақшаға көзім түсті де, бірден хабарластым. Ал екі аптадан кейін біз үйленеміз деп шештік. Қысқасы әлеуметтік желінің пайдасы бар екен», - деп түйіндеді Дәурен Айдарқұлов.
Еске сала кетейік, таяуда Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленген болатын. Желіде қыз ұзату тойынан видеолар жарияланды. Кино жұлдызы өз парақшасында «Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің аты – Жұлдыз», – деп жазды.