«Туған бауырлары да бұлай ұқсамайды!»: Қайрат Нұртастың «сыңары» табылды (ВИДЕО)
Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап жатыр
Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желі қолданушылары мұндай ұқсастыққа таңғалып, роликті белсенді түрде бөлісіп жатыр.
Видео авторы да өзінің танымал әртіске ұқсайтынын жақсы түсінетін секілді – роликке Қайрат Нұртастың әнін қосып қойыпты.
Әлеуметтік желідегі жұрт видеоны қызу талқылап жатыр.
«Ауыл араласаң, сені Қайрат деп ойлайды, бауырым», «Қайраттың туған бауырлары да бұлай ұқсамайды!», «Ойбай, Қайраттың дәл өзі ғой!», «Аз ғана ақша салсаң, Қайраттың өзі болады», «Қайрат Нұртастың эконом-нұсқасы», «Қандай ұқсастық! Сенің Қайратпен кездесуіңді күтеміз», — деп жазды олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маржан Арапбаеваның өзіне қатты ұқсайтын өнерпаздың табылғанына таңғалғанын жазған едік.
«Тіпті костюміміз де бірдей екен ғой. Шынымен бе?!», - деп таңданысын білдірген өнер иесі.
Содан кейін екеуі сахнаға шығып, «Арманыма асығамын» әнін бірге орындады.