$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шынымен бе?!»: Маржан Арапбаева өзінің «сыңарымен» бірге ән шырқады (ВИДЕО)

Әнші өзіне ұқсайтын өнерпаздың табылғанына қатты таңғалған

«Шынымен бе?!»: Маржан Арапбаева өзінің «сыңарымен» бірге ән шырқады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева «Ұнайды маған» музыкалық кавер кешінде шоуға қатысушы Азиза Исатаева бірге ән шырқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған видеодан Маржан Арапбаеваның өзіне қатты ұқсайтын өнерпаздың табылғанына таңғалып жатқанын көруге болады.

«Тіпті костюміміз де бірдей екен ғой. Шынымен бе?!», - деп таңданысын білдірген өнер иесі.

Содан кейін екеуі сахнаға шығып, «Арманыма асығамын» әнін бірге орындайды.

Желі қолданушылары да қос өнерпаздың бір-біріне қатты ұқсайтынын жазып жатыр.

«Бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Двойнигін тапты», «Егіз бе дерсің», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маржан Арапбаеваны көпшілік әйгілі поп-жұлдыз Дженнифер Лопеске теңеген болатын. Өнер иесі желіге видео жариялап, дене бітіміне назар аудартқан. Бейнежазбада ол қандай да бір іс-шараға ән шырқауға бара жатқанын айтқан.

 

Серіктес жаңалықтары