ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда алаяқтық жасаған Әзербайжан азаматы елден қуылатын болды

Бүгінге дейін бірнеше рет алаяқтық жасаған

Таразда алаяқтық жасаған Әзербайжан азаматы елден қуылатын болды
Фото: istockphoto.com

Тараз қалалық соты полицияның шетел азаматын Қазақстан Республикасынан шығару туралы өтінішін қарап, қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол – Әзербайжан Республикасының азаматы, 2023 жылы бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін №2 Тараз қалалық сотының үкімімен кінәлі деп танылған.

Полицейлердің уәжі және соттың ұстанымы

Тараз полиция басқармасы шетел азаматын елден шығаруды сұрап, оның:

  • қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретінін,
  • халықтың денсаулығы мен моральдық құндылықтарын қорғау үшін,
  • ҚР азаматтарының құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
    осы шара қажет екенін алға тартты.

Шетел азаматы сотта Қазақстанда туысқандары жоқ екенін, ал жақындары Әзербайжанда тұратынын айтып, елден шығаруға қарсы емес екенін мәлімдеді.

Іс бойынша прокурор да полиция өтінішін қолдап, шетелдік азаматты елден шығарудың қажеттігін атап өтті.

Шешім және оны орындау мерзімі

Сот материалдарды зерттей келе, «Қазақстандағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңға сүйеніп, Г.-ны Қазақстан аумағынан 5 тәулік ішінде шығаруға қаулы етті.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары