«Ингаверин» мен «Тамифлю» апта соңына дейін дәріханаларға жеткізіледі – министр

Қазақстанда 3294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар – Денсаулық министрі

«Ингаверин» мен «Тамифлю» апта соңына дейін дәріханаларға жеткізіледі – министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой Орталық Коммуникациялар алаңында өткізген брифингте Қазақстандағы өкпені жасанды желдету аппаратының санын айтты. Министрдің мәліметінше, Қазақстандағы өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат саны үш жарым мыңға да жетпейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Елімізде бүгінгі таңда өкпені жасанды тыныстандыруға арналған 3 294 дана функционалды  аппарат бар. Соңғы айда 978 ӨЖЖ аппарат сатып  алынды. Алда тағы 1000 дана аппарат сатып алуды жоспарлап отырмыз»,-деді ол.

Сондай-ақ, министр көпшіліктің сұранысына ие «Ингаверин» мен «Тамифлю» дәрілері дәріханаларда апта соңына қарай болатынын айтты.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты хабарламалар халықтың жаппай қажетті-қажетсіз дәрілерді алуына әкелді. Әсіресе, ыстық түсіретін дәрілер көп сатып алынған. Дәрі тапшылығы мәселесін шешуде Үкімет бірқатар шараларды қолдануда. Осы аптаның аяғына дейін 70 мың қорап «Инговерин» және 49 мың «Тамифлю» көтерме қоймаларына жеткізіліп, ары қарай аймақтарға таратылады. Атап өтетіні, аталған дәрілер хаттама бойынша, COVID-19 амбулаторлы деңгейде  емдеуде пайдаланылмайды», - деді ол.

Айжан Қалиева, Алматы

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.