«Әлі нақты шешім қабылданған жоқ»: Алексей Цой карантин режимін қайта енгізу туралы
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі 4 апталық локдаун енгізуді ұсынған болатын

Елімізде қатаң карантиндік режимді қайта енгізу мәселесін Үкімет жанынан құрылған комиссия шешетін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Еске салайық, кеше Ақордада өткен жиында Алексей Цой коронавируспен күресудің әдіс-тәсілін өзгертуді ұсынған болатын. Ол Мемлекет басшысына 10 ұсыныс пен эпидемиологиялық ахуалдың дамуының 3 сценариін атап көрсетті.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің бизнеске әсерін ескере отырып, біз бірнеше ұсыныс айтып отырмыз, оның бірі аймақтарда қатаң карантин шараларын қайта енгізу. Бұл мәселеге қатысты шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады», - деді А. Цой.