$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жұмыссыз қалған 308 мың адам мемлекеттен 106,8 млрд теңге алған

Жұмыссыз қалған адам соңғы 24 айдағы табысының көлеміне байланысты алты ай жәрдемақы ала алады 

Қазақстанда жұмыссыз қалған 308 мың адам мемлекеттен 106,8 млрд теңге алған
Фото: istockphoto.com

2025 жылғы 1 қарашада мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты төлем алғандардың саны 308,4 мың адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 268,6 мың азаматқа биыл алғаш рет төлем тағайындалған. Жалпы аударылған қаражат көлемі 106,8 млрд теңгені құрады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1–6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлем мөлшері жоғалған табыстың 45%-ына дейін жетеді және МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем алу үшін не істеу керек

Жұмыстан босатылған азамат төлемді рәсімдеу үшін:

  • eGov.kz порталына кіріп авторизациядан өтеді;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайды;
  • Онлайн өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қояды;
  • Тұрғылықты жеріндегі мансап орталығы бір күн ішінде бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • Жұмыс табылмаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Серіктес жаңалықтары