Көкшетауда екі қарт ұзақ уақыт үйден шыға алмай отырған
Егде адамдар есікті өздігінен аша алмаған
Көкшетауда құтқарушылар егде жастағы екі адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұзақ уақыт далаға шықпаған
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше қарттардың ұзақ уақыт есік ашпауы алаңдаушылық туғызған. Шақыру орнына құтқарушылар келіп, аспалы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашты.
Пәтерде 1945 жылы туған әйел мен 1947 жылы туған ер адам болғаны анықталды.
«Егде адамдар есікті өздігінен аша алмаған», - деп жазылған хабарламада.
Ер адам жедел жәрдем бригадасына берілді, ал әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі егде адамдарды қараусыз қалдыруға болмайтынын еске салды.
Еске сала кетейік, Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 3 жасар қамалып қалған болатын. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен жоғарғы қабаттардан түсіп, үшінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, есікті ашып, баланы ата-анасына аман-есен табыстады.