$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында полициядан қашпақ болған жүргізуші жүк көлігімен бірге балшыққа батып қалды (ВИДЕО)

Қостанай облысында полицейлер мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізушіні тоқтатты

Қостанай облысында полициядан қашпақ болған жүргізуші жүк көлігімен бірге балшыққа батып қалды (ВИДЕО)
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында полициядан қашып кетпек болған жүргізуші жүк көлігімен бірге балшыққа батып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Алматы-Екатеринбург тасжолының 516-шақырымында болған. Патрульдік экипаж трасса бойымен қауіпті түрде шайқала қозғалып келе жатқан жүк көлігін байқаған. Полицейлер тоқтауды талап еткенде, жүргізуші қашуға тырысқан, алайда жүк көлігі жол жиегінде балшыққа батып қалған.

«Қызметкерлер дереу әрекет етіп, кабинаға секіріп мініп, қозғалтқышты сөндіріп, кілтті суырып алды. Олар жүргізушіден алкоголь иісін сезіп, медициналық куәландыруға жеткізді. Сараптама оның орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Ал жүргізуші жолға шығар алдында сыра ішкенін мойындаған.

Полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында жол үстіндегі ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Жүргізуші Қостанайдан Ресейге 30 тонна тұрмыстық техниканы тасымалдап бара жатқан. Бұл қаншама адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді.

Құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары