$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдан Санкт-Петербургке есірткі жіберген әйел 16 жылға сотталып кетті

Сот үкімінің орындалуы 1 жылға шегерілді

Алматыдан Санкт-Петербургке есірткі жіберген әйел 16 жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Астанада кәмелетке толмаған баласы бар әйел психотроптық заттардың аналогтарын аса ірі көлемде сақтағаны және шекара арқылы өткізгені үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сотқа сілтеме жасап.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты әйелге қатысты істі қарады. Ол психотроптық заттардың аналогтарын аса ірі мөлшерде, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен өткізу мақсатында сақтағаны және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін айыпталған.

«Сот тергеуі барысында анықталғандай, Д. 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында Алматыдан Санкт-Петербургке ұшып барып, белгісіз адаммен бірігіп музыкалық құрал-жабдық салынған екі сәлемдеме жіберген. Алайда олардың ішіне психотроптық заттар жасырылған», - делінген сот хабарламасында.

25 сәуір күні Астанаға оралған соң, әйел автокөлік жалдап, өзіне келген сәлемдемелерді алып, оларды әуежай маңындағы ауданға апарған. Тыйым салынған заттарды кейін сатпақ болып, жасырып қойған.

Прокурор айыптауды қолдап, оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және үкімнің орындалуын 1 жылға кейінге қалдыруды сұрады. Ал айыпталушы мен оның қорғаушысы жаза мөлшерін төмендетіп, үкімнің орындалуын кіші баласы 14 жасқа толғанға дейін шегеруді өтінген.

Сот әйелді Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Жазаны тағайындау кезінде сот оның кішкентай балалары бар екенін, шын жүректен өкініп, тергеуге белсенді көмектескенін ескерді.

ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, үкімнің орындалуы 1 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары