Астанада жеңіл көлік бағанаға соғылып, жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр
Астанада Қабанбай батыр даңғылында Chery Tiggo маркалы автокөлік жарық бағанасына соғылды. Қатты соққыдан көлікті қоршауға қарай соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды: зақымданған көліктің айналасында көп адам жиналған, дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр, ал жерде құлап қалған шам бағанасы көрінеді. Автокөліктің капоты сынған, апат орнына жедел қызметтер келіп жұмыс істеп жатыр.
Қалалық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, апаттың мән-жайын түсіндірді.
«Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі Керей мен Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылының қиылысында рульге ие бола алмай, жарық бағанасына соқтығысты. Соққы салдарынан автокөлік аударылып қалды. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», – деді Астана ПД өкілдері.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.