АҚШ-та үкіметтің ең ұзақ кідірісі аяқталды: Дональд Трамп уақытша бюджетті бекітті
Үкімет 43 күн жұмысын тоқтатқан еді
АҚШ президенті Дональд Трамп конгресс мақұлдаған үкіметтің уақытша бюджетін 30 қаңтарға дейін ұзартатын құжатқа қол қойды. Осылайша, ел тарихындағы ең ұзақ 43 күнге созылған «шатдаун», яғни үкімет жұмысының уақытша тоқтауы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамптың айтуынша, бұл жағдай ел экономикасына айтарлықтай зиян келтірген. Президент оны «демократтардың шатдауны» деп атады.
Мемлекеттік мекемелер жұмысының тоқтауына байланысты 20 мың әуе рейсі кейінге шегерілген немесе толықтай жойылған, ал 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметкер жалақысыз қалған.
АҚШ президенті жалпы экономикалық шығынды нақты есептеу үшін бірнеше ай қажет болатынын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл үкімет дағдарысы ел тарихындағы ең ауқымды экономикалық салдарға әкелген.