13.11.2025, 10:51
Жаңалықтар
Түркияда бірнеше рет жер сілкінді
Қуатты дүмпудің күші 4,7 балл болған
Фото: istockphoto.com
Түркияның Балыкесир провинциясына қарасты Сындыргы ауданында бірнеше жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар мен апаттардың зардаптарын жою басқармасы хабарлады. AFAD деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 07:16, 07:20 және 07:21-де тіркелген.
Олардың ішіндегі ең күштісі 4,7 магнитудалы болған, ал қалған екеуінің қуаты 4,2 балл шамасында.
Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкіністерінің ошағы 12,31, 7,89 және 7 шақырым тереңдікте орналасқан.
AFAD таратқан ақпаратқа сәйкес, жер дүмпулері көрші елді мекендерде де сезілген, алайда қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы