СҚО-да құрылыс компаниясы тұруға жарамсыз пәтерді сатып жіберген
Петропавлда пәтер иесі мен құрылыс компаниясы арасындағы дау медиация арқылы шешілді
Петропавл қаласының №2 соты пәтер иесі мен құрылыс компаниясы арасындағы азаматтық дауды медиациялық келісім арқылы реттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пәтер иесінің айтуынша, бірнеше рет өтініш жасалғанына қарамастан, құрылысшылар анықталған ақауларды – қабырғалардың біркелкі еместігін, қаңылтырдағы сызаттар мен ағып кетулерді, жылу жүйесіндегі кемшіліктерді жоя алмаған. Осыған байланысты ол сотқа жүгінген.
Тараптар қол қойған келісімге сәйкес, құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен көрсетілген мерзімде кемшіліктерді жоюға және маман еңбекақысының бір бөлігін өтеп беруге міндеттенді.
Медиациялық келісім тараптарға өзара түсіністікке келіп, дауды ұзаққа созылған сот процесінсіз шешуге мүмкіндік берді.