$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Ресей президенттері жылы қоштасты

Тоқаевтың іссапары аяқталды

Қазақстан мен Ресей президенттері жылы қоштасты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдегі ресми іссапары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетерлігі, Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөздер аяқталған соң гала-концертті тамашалады

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті.

Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.

Іс-шарадан соң мемлекеттер басшылары концертте өнер көрсеткен Роза Рымбаева, Мария Мудряк, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Александр Беляков және Зарина Алтынбаева секілді сахна шеберлерімен әңгімелесіп, алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары