Қазақстанда қайтадан қатаң карантин енгізіледі – Тоқаев
Елде эпидемия өршіп барады

Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде қатаң карантин шаралары қайта енгізу керектігін тапсырды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Мемлекеттік комиссия ресурстардың таралуына орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін мен Мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларында қолданыста болғанға ұқсас, қатаң карантин енгізу туралы екі күн ішінде ұсыныс жасап, маған жеткізуді тапсырамын», - деді Президент.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайтыны кеше хабарланған.