29.06.2020, 16:27
Жаңалықтар
«Қайсар» футбол клубындағы ойыншылар жаппай коронавирус жұқтырған
COVID-19 вирусы 25 футболшыдан анықталды
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младеновтың айтуынша, команда сапындағы ойыншылар бірінен соң бірі коронавирус жұқтыра бастаған, деп жазады Sports.kz.
«Команданың 10 ойыншысы тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Ал егер, жастар құрамасын қоса есептейтін болсақ, барлығы 25 ойыншыдан коронавирус анықталды. Мен және бапкерлер құрамы, сондай-ақ, Болгариядан келген Александр Колев тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті», - деді клубтың бас бапкері.
Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталуы тиіс. Алайда, «Қайсар» командасы оған қатыса ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Ойыншылар жаттығудан босатылған.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды