29.06.2020, 22:34
Жаңалықтар
БАӘ Қазақстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Жүк Қорғаныс министрлігіне тапсырылды
Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келді, деп Аzattyq ruhy. Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді.
«Елімізге көмек ретінде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекциялау құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды», - делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық жағдайда әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды