$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты

Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.

Серіктес жаңалықтары