Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Синоптиктер ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 12 қараша күні еліміздің үш қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Атырау, Ақтау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай жағдайлар атмосферада зиянды қоспалардың жиналуына әкеліп, ауа сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
ҚМЖ деген не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия.
Мұндай жағдайлар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың ауада шоғырлануына себеп болады. Нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендеп, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда жағымсыз экологиялық жағдай қалыптасады.