$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар»: Тоқаев пен Путин бейресми кездесу өткізді

Олар ертеңгі екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады

«Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар»: Тоқаев пен Путин бейресми кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Ресей президенті уақыт тауып, мемлекеттік сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, сізге уақыт тауып, келіскеніміздей, мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұған шын жүректен қуаныштымын. Әрине, біз ұдайы байланыстамыз. Алайда мемлекетаралық қатынастарда мұндай протоколдық дүниелер де маңызды. Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын», – деді Владимир Путин.

Серіктес жаңалықтары