Жамбыл облысында әкесін қағып өлтірген жүргізушіні қызы сотта кешіретінін айтты
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталды
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізушіге 2,5 жыл бас бостандығынан және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген қылмыстық іс (ҚК 345-бабы, 3-бөлігі) Тұрар Рысқұлов ауданының сотында қаралды.
«2025 жылдың шілдесінде айыпталушы Hyundai Elantra маркалы көлікті жүргізе отырып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан азаматты абайсызда қағып кеткен», – деп хабарлады сот.
Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.
Айыпталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және өзге де іс материалдарымен дәлелденген. Прокурор оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Марқұмның қызы сотта айыпталушыны кешіргенін айтты.
Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның оң мінездемесін, кінәсін мойындап, өкінуін, қылмысты алғаш рет және кездейсоқ жағдайда жасағанын, сондай-ақ жәбірленуші тараптың кешірімін ескерді.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.