12.11.2025, 00:02
Жаңалықтар
Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Ол екі айға қамауға алынды
Фото: Хромтау ауданының әкімдігі
Ақтөбе облысының Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаевқа екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған пара алу күдігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу сотының мәліметінше, Шабықбаевтың пара алу фактісіне қандай жағдайда және кімнен, қандай мақсатта қатысты болуы мүмкін екені әзірге жарияланған жоқ.
Сағындық Шабықбаев 2023 жылы Хромтау қаласының әкімі қызметіне кіріскен. Ол Қостанай облысының тумасы. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ХҚО-да бастаған.
2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімі аппаратының қызметкері болып, ал 2018 жылдан 2023 жылға дейін қаланың әкімі орынбасары қызметін атқарған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы