$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы вокзалдардың 70 пайызы 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген

Биыл елімізде 80 вокзал пайдалануға беріледі

Қазақстандағы вокзалдардың 70 пайызы 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген
Фото: istockphoto.com

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміжол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бұл жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы екенін, ал мердігер ұйымдар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта 100 нысан бойынша жобалық-сметалық құжатама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қыс мезгіліне дайындық қамтамасыз етілген. Жолаушыларға арналған уақытша құрылыстар мен күту аймақтары әзір.

124 нысанның 121-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал қалған 3 вокзал бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары ретінде ғылыми-зерттеулер жағасуда. Ол нысандарға жөндеу 2026 жылы жүргізілетін болады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша вокзалдардың шамамен 70%-ы отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Техникалық тексерулер нәтижесінде кейбір тіреуіш бағандар мен жекелеген конструкцияларда ары қарай пайдалануға жарамсыз ақаулар анықталған. Осыған байланысты 42 нысан толықтай бұзылды.

«Биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын күшейтуі қажет», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары