$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да әйел адам TikTok-қа фото түсіру үшін полиция көлігінің капотына шығып алған

Жағымсыз оқиға 2025 жылдың 22 қыркүйегінде болды

ШҚО-да әйел адам TikTok-қа фото түсіру үшін полиция көлігінің капотына шығып алған
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында әйел адам TikTok-қа фото түсіру үшін полиция көлігінің капотының үстіне шығып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік сотқа сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 20:00 шамасында Алтай ауданындағы автожуу орнының аумағында болған.

«Азаматша Алтай аудандық полиция бөлімінің қызметтік автокөлігінің капотына шығып, суретке түсіп, фотосын TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған. Осы әрекетімен ол билік өкілдеріне ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, қоғам тәртібін бұзып, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған», – деп мәлімдеді сот.

Сот отырысында әйел адам өз кінәсін мойындады. Оның іс-әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланды.

Сот тәртіп бұзушының жұмыс істемейтінін және екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғанын ескерді. Заңнама талаптарына сәйкес, мұндай әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды.

Нәтижесінде оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, ал 30 пайыздық жеңілдікті ескергенде айыппұл сомасы 55 048 теңге болды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #полиция