$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкері жұмысына салғырт қарағаны үшін жазаланды

Ол шұңқыр жолдың жөнделуіне назар аудармаған

Қостанай қаласы әкімдігінің лауазымды қызметкері жұмысына салғырт қарағаны үшін жазаланды
Фото: «Наша Газета»

Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысы Азамат Бегалин жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап.

Лауазымды тұлғаға 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ол жолдарда жөндеу жұмысын жүргізу және жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Белгілі болғандай, 2025 жылдың 3 қарашасында Бегалин Шаяхметов пен Журавлев көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ақауды уақытында жөндетпеген. Осыған байланысты ол әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп жауапқа тартылды.

ТКШ бөлімінің басшысы хаттама толтыру үшін келмегенімен, шағым түсірген. Істі қарау 13 қарашада әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта өтеді.

«ТКШ бөлімінің басшысы біреу ғана, ал қалада жол көп. Оның назарын аударып, мәселені шешу үшін белгілі бір шара қолдану қажет. Маған жол мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан аудан тұрғындары жүгінді. Осыған байланысты ТКШ бөлімінің басшысын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініш полицияға берілді. Егер жолдың жағдайы нашар болса, қыста оны ешкім жөндей алмайды, ал бұл шұңқыр келесі жазға дейін қалады. Сондықтан адамдар көліктерін бүлдірмей жүруі үшін осындай тәсілмен әрекет етуге болады. Егер ТКШ бөлімі мәселені шешпесе, оның басшысын одан да қатаң бап бойынша жауапқа тартуға болады. Менің ойымша, дәл осындай айыппұлдар ғана шенеуніктердің назарын мәселенің маңыздылығына аударта алады», — деп заңгерлік кеңесші Жаслан Байбазаров жағдайды түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қостанай #жаза