11.11.2025, 06:36
Жаңалықтар
Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары онлайнға ауыстырылды
Оқушыларды тасымалдау да тоқтатылады
Фото: Azattyq Rýhy
Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқыту режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік Білім басқармасы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасады.
«Павлодар облысының барлық мектебінде 2025 жылғы 11 қараша күні 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0-5°С, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, барлық мектепте оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
