Астанада рульде отырған жүргізуші бейәдеп қылық көрсетемін деп істі болды
Оқиға биыл 1 қараша күні болған
Астаналық жүргізуші көлік жүргізу кезінде бұзақылық әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша арнайы аралық сотында ҚК ҚР 434-бабының 1-бөлімі бойынша бұзақылық әрекет жасағаны үшін іс қаралды.
2025 жылғы 1 қарашада астаналық жүргізуші көлік жүргізу кезінде көрші автокөліктің жолаушысының ар-намысына тиетін қимыл көрсетті. Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны куәгерлердің камерасына түсіп, құқық бұзушы сотқа жіберілді.
«Жасалған құқық бұзушылық жағдайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, М. куәліктерімен және Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеожазбамен расталады. Осы арқылы жүргізуші азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзып, қоршаған ортаға ашық түрде құрметсіздік көрсетті», – деп атап өтті сот.
Ыңғайсыз қимыл жасаған ер адам кінәсін мойындап, әрекетіне өкінгенін жеткізді. Ол көрші автокөліктің жолаушысы оны видеоға түсіріп жатқанын айтып, сол себепті ренжігенін түсіндірді.
ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша жауапкершілік 20 МРП (78 640 теңге) көлеміндегі айыппұл немесе 5-тен 15 күнге дейінгі әкімшілік қамауды көздейді. Сот шешімі бойынша М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.