10.11.2025, 23:33
Жаңалықтар
Алматыда оқушы қызға тиіскен ер адам темір тордан бір-ақ шықты
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті
Фото: Видеодан скрин
Алматыда мектеп маңында оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам 13 жастағы мектеп оқушысына алдымен 100 мың теңге, кейін 300 мың теңге ұсынып, өзімен бірге кетуге үгіттегені байқалады. Оқиға №50 мектептің жанында болғаны айтылған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.
«Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген полиция таратқан хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін аялдамада ер адам 13 жастағы оқушы қызға өзімен бірге таксиге отырып кетуді ұсынған. Қыз бала бас тартқан кезде, ол 100 мың теңге беремін деген, кейін соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді