10.11.2025, 14:31
Жаңалықтар
Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады
Синоптиктер болжамы белгілі болды
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болатынын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, осыған байланысты еліміздің көп өңірінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +8…+18° жылы;
- шығысында -5...+5° жылуға дейін;
- оңтүстікте +10…+18° жылы;
- солтүстік-батыста +2…+13° жылудан -5…-10° суыққа дейін төмендейді,
- солтүстікте +0…+5° жылудан -2…-7° суыққа дейін,
- орталықта +0…+8° жылудан –8…–3° суыққа дейін,
- оңтүстік-шығыста +5…+15° жылы,
- таулы аймақтарда +0…+5° жылудан -5…-10° суыққа дейін.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды