$ 523.58  605.36  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау МӨЗ сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады

Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны құрайды

Атырау МӨЗ сұйытылған мұнай газы өндірісін қайта бастады
Фото: gov.kz

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жоспарлы жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап, технологиялық қондырғыларды толықтай штаттық режімге шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы және екінші қайта өңдеуге арналған негізгі және қосалқы қондырғылар кестеден ерте іске қосылды.

«Зауыт тұрақты жұмыс істеп, өндірістік бағдарламаға сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз етуде. 6-7 қарашада Атырау МӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттың 100%-ына жетті. Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, маусымаралық және қысқы дизель отыны өндіріліп, жөнелтілді», - деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны құрайды. Елдегі сұйытылған газдың 11%-ын өндіретін зауыттың қайта іске қосылуы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қосымша өндірілген отын көлемдері жоспарға сәйкес өңірлерге жөнелтіліп, қазіргі уақыттағы қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Мұнай өнімдері өндірісін арттыру және өңірлердегі қорларды толықтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлерді сұйытылған газ бен бензинмен қамтамасыз ету процесі ҚР энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары