$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Есіктен кіріп төр менікі дейді»: Қайрат Нұртастың анасы жаңа түскен келіндердің кемшілігін айтты (ВИДЕО)

Продюсер жаңа түскен келін сол әулеттің заңына бағынуы керек екенін нықтап тұрып айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова қазіргі уақыттағы келіндердің кемшілігі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Продюсер жаңа түскен келін сол әулеттің заңына бағынуы керек екенін нықтап тұрып айтты.

«Басында келін болып түскеннен кейін «біздің үйде мынандай» деп өзінің шаңырағындағы дүниелерді сенің үйіңе орнатқысы келеді. Есіктен кіріп төр менікі дейтіндер көп. Өзінің заңын қолданғысы келеді. Ал ол келген келіннің заңы бұл жерге жарамайды. Өмірбойы сол әулетте болып жатқан заңды келін бір-ақ күнде келіп, бұза алмайды. Ол келін бұзатыны рас, балалы-шағалы болғанда», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ол сөзін жалғай отырып, ене мен күйеу де келініне күні түсетін уақыт болатынын ерекше қозғап өтті

«Адамның күні адаммен дейді. Ене келінге қарайтын шақ болады. Келін маған қандай көйлек кигізеді екен, реттер ме екен дегендей. Күйеуі де сол әйеліне қарайды. Әйелімен балалы шағалы болғаннан кейін күйеуінің де, ененің де күні соған қарайды», – дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Серіктес жаңалықтары