$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда бес айда ондаған тонна есірткі табылды – ҚР ІІМ

«Қарасора-2025» операциясы аясында 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қазақстанда маусым мен қазан айлары аралығында өткен «Қарасора-2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл операция есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мақсатында Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің бірлескен күшімен жүргізілді. Тексеру жұмыстарына тікұшақтар, дрондар және спутниктік бақылау жүйелері тартылған.

Жалпы нәтиже:

  • 3,5 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды;
  • 27 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді;
  • құрамында есірткі бар 110 мыңнан астам өсімдік бұталары жойылды;
  • 4 ұйымдасқан, соның ішінде 1 трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді;
  • 6 есірткі зертханасы жойылды;
  • есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды.

Өңірлердегі жағдай:

  • Жамбыл облысында – 200 келіден астам марихуана тәркіленді;
  • Алматы әуежайында – Үндістан азаматы 3 келі марихуанамен ұсталды;
  • Жезқазғанда – 100 келі марихуана анықталды;
  • Қызылорда облысында – салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора табылды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

«Есірткі жолына түскен әрбір адам жазадан құтылмайтынын түсінуі тиіс», — делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары