10.11.2025, 08:57
Жаңалықтар
Шемонаиха қаласынан жаңа туған нәресте шұғыл түрде Өскемен қаласына тікұшақпен жеткізілді
ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл жеткізді
Фото: istockphoto.com
ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан нәресте шұғыл түрде Өскемен қаласына тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиақұтқару» РМК экипажы ШҚО Шемонаиха қаласынан санитарлық рейс орындады. Олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге денсаулығына байланысты шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді Өскемен қаласына жеткізді.
Әуе кемесінің командирі Сергей Пинигин мен екінші ұшқыш Олег Алфеев тапсырманы сәтті орындап, сәби облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары пациенттерді жерүсті көлігімен жеткізу көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды