«Дене қызуы 40 градус болып тұрды»: Димаштың қандай жағдайда концерт өткізгені белгілі болды (ВИДЕО)
Димаштың әкесі жұрт назарынан тыс қалған жағдай туралы айтты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының денсаулығына қарамастан концерт өткізгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қанат Айтбаевтың айтуынша ұлы дене қызуы 40 градус болғанына қарамастан концертін өткізуден бас тартпағанын айтты.
«Концерт өтетін күні жағдайы нашарлап кетті. Дене қызуы 40 градус болып тұрды. Концертті тоқтата алмаймыз, тым кеш. Сол күні сахнаның артында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Жиі-жиі ине салып тұрды. Осы бойынша қатты алаңдадық. Мұндай жағдайда концерт ең алдымен тыңдармандарына деген шексіз махаббаты арқылы ғана өткізілді. Мұндай жағдайда концерт өткізу өте қиын. Бірақ Димаш оны жасай алды», - деді Қанат Айтбаев.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылғаны хабарланған болатын.