$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте балаларына мысықтың етін жегізген емшіге сот үкімі шықты

Балаларды азаптады деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты түрмеде отырмайтын болды

Шымкентте балаларына мысықтың етін жегізген емшіге сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 6 бала асырап алып, оларды қинады және оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамады деген айып тағылған емшінің ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сот созылмалы психикалық ауруға шалдыққан Ұлықбек Смановты мәжбүрлі емге жіберуге шешім қабылдады. Оның әйелінің ісі де қысқарды. Полиция дерегінше әйелдің әрекетінде қылмыс құрамы болмаған.

«Оның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша материалдар жеке өндіріске бөлінді. Осы істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу өткізілді. Тергеу барысында куәгерлерден сұхбат алынды, сараптамалар тағайындалды, беттестірулер жүргізілді», - дейді қалалық полиция басқармасы.

Тергеу нәтижесіне сай күдіктіге қатысты іс тоқтаған. Бұл шешіммен прокуратура келіскен.

Айта кетері, өткен жылдың жазында Шымкентте жергілікті емшінің Астана, Алматы және Шымкент қаласындағы балалар үйінен 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергені және азаптап келгені туралы ақпарат шыққан еді.

Балалардың үлкені 16 жаста, кішісі 1 жасар. Кейіннен оның бұрын да сотты болғаны анықталған. Алайда білім басқармасына соттылығы жоқ, ақыл-есі дұрыс деген анықтама берілген.

Серіктес жаңалықтары