$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мектепке орнатылған ЖИ оқушылардың төбелесін видеоға түсіріп, директорға жіберетін болды

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен тәртібін жасанды интеллект бақылайды

Астанада мектепке орнатылған ЖИ оқушылардың төбелесін видеоға түсіріп, директорға жіберетін болды
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласындағы №107 жалпы орта мектепке жасанды интеллект технологиясы орнатылды. Ол оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін бақылайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл мектеп бүгінде толықтай цифрлық жүйеге көшіп, оқу үдерісін де, тәртіпті де жаңа деңгейге көтеріп отыр. Мектептің ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларына жасанды интеллект (ЖИ) жүйесі орнатылған. Бұл жүйе үзіліс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін анықтап, күмәнді немесе агрессивті әрекеттерді бірден байқайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Егер оқушыға өзге сыныптасы күш көрсетсе немесе ол мектеп ережесін бұзса, ЖИ камерасы автоматты түрде сол сәттің бейнежазбасын мектеп басшылығына жолдайды.

«Біздің мектеп жасанды интеллект платформасын алғаш енгізгендердің бірі. Жүйе тек оқу сапасын арттыруға емес, сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында білім алушылар арасында құқықбұзушылық саны азайды», – дейді мектеп директоры Айгүл Базарбайқызы.

Бүгінде №107 мектептің тәжірибесі елорданың өзге білім ордаларына да үлгі болып отыр. Жасанды интеллектің көмегімен мектеп қауіпсіздігі күшейіп, оқушылардың өзара қарым-қатынасы мәдениетті сипат ала бастаған. Цифрлық дәуірдің талаптарына сай бұл бастама білім саласындағы жаңа бетбұрыстың бір көрінісі десек, артық айтқандық емес.

Серіктес жаңалықтары