$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өліп қалды деп ойладым»: Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды (ВИДЕО)

Ақша керек болды, анам артымнан алып келген бренд киімдерді базарға апарып саттым, дейді продюсер

«Өліп қалды деп ойладым»: Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова «Хабар» арнасындағы «КешREC» бағдарламасында жас күнінде көрген қиындығын еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша Нұртас Айдарбековты Павлодардағы трактор зауытында практикада жүрген кезде біреулер пышақтап кеткен.

«Күйеуіңізді пықшақтап кетті деп хабарлады. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Тірі ме деп сұрасам, ешкім ештеңе айтпады. Өліп қалды деп ойладым. Жатақхананың дәлізінен баспалдаққа дейін әрең жеттім. Сол жерде құладым. Ақша керек болды, анам артымнан алып келген бренд киімдерді базарға апарып саттым. Киімдерім тез өтіп кетті. Біраз ақша жинап алдым», - деп атап өтті Гүлзира Айдарбекова.

Содан кішкентай Қайратты қайнысымен бірге Шымкентке жіберіп, өзі Павлодарға жолға шыққан.

«Барсам, жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ондайда бірден арам ойға кетесің ғой. Қолын ұстасам, қолында неке жүзігі жоқ екен. Қолын лақтырып жіберіп, шығып бара жатыр едім, жібермей ұстап қалды. Кейін білдім, қансырап жатқан кезде сағаты мен неке жүзігін шешіп алған екен. Ал мен дискотекаға барған деп ойладым», - деп күлді продюсер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова ұлының неліктен көзілдірік тағып жүретінін түсіндірген болатын.

«Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, джиппен жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек секілді жапырылып қалды. Бірақ құдай сақтап, Қайрат ауыр соққыдан терезеден ұшып түсті. Сынған әйнектер денесіне, қасының астына қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып жүреді», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Оның айтуынша бұл оқиға әншінің өмірі туралы «Өкініш» фильміне арқау болған.

«Өкініш» фильмінде көліктің қалай аударылғанын, өзім сол сәтте қандай күйде болғанымды айнытпай түсірдім. Тіпті жүрегім сезіп, телефон соққаныма дейін көрсеттім», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары