$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анасының көз алдында болды: 7 жасар қыз баланы қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі сотталды

Қайғылы оқиға биыл Алматыда болды

Анасының көз алдында болды: 7 жасар қыз баланы қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі сотталды
Фото: Видеодан скрин

Алматыда анасының көз алдында 7 жасар қыз баланы қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға биыл сәуір айында болған. Sitrak маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Борандай көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Оқиғаның бәрі қыз баланың анасының көз алдында болған.

«Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын жүргізу қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырды, тек материалдық шығынды өтеу бөлігін нақтылады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2 сәуір күні Алматының Алатау ауданындағы Борандай көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, бүлдіршін жолды рұқсат етілген жерден кесіп өткен, алайда жүргізуші тежегішті дер кезінде басып үлгермеген.

Серіктес жаңалықтары