Меркі ауданында жаз ортасында қалың қар жауды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында қар жауған видео тарап жатыр

Меркі ауданында жаз ортасында қалың қар жауды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Меркі ауданында 28 маусымға қараған түні қалың қар жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК өкілдері әлеуметтік желіде тараған бейнероликтің Меркі ауданында түсірілгенін растады. Видео 27 маусымнан 28 маусымға қараған түні түсірілген. Онда жапалақтап қар жауып тұрғанын көруге болады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Маусым айының соңында қар жауыпты. Меркі ауданы, Жамбыл облысы.

Публикация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage) 28 Июн 2020 в 8:28 PDT

«27-сінен 28 маусымға қараған түні Меркіден 80 км жерде Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында тауда қар жауды. 2 мың метрлік биіктікте қардың жаууы таулы өлке үшін қалыпты жағдай», - дейді ТЖК өкілдері. 

Олардың айтуынша, таңға жуық қар еріп кеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.