$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2020, 21:48
Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

29 маусым түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 метр секунд. Петропавл қаласында түнде 29 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 метр секунд.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 метр секунд. 28 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 метр секунд.

Көкшетау қаласында 28 маусым күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр секунд.

29 маусымда Батыс-Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 метр секунд. Орал қаласында 29 маусымда найзағай күтіледі.

29 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 метр секунд.

29 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің түнде кей жерлерінде 15-20 метр секунд, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 метр секундке дейін жетеді. Павлодар қаласында 29 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз екпіні 15-20 метр секунд.

29 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 метр секунд. Қарағанды қаласында найзағай, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 18 метр секунд. 

Серіктес жаңалықтары