$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Небір сұмпайы тірліктері айтылмай қалды»: Мөлдір Мұқанның әпкесі Қабатовтың былықтарын жайып салды

Осыған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқаны айтылды

«Небір сұмпайы тірліктері айтылмай қалды»: Мөлдір Мұқанның әпкесі Қабатовтың былықтарын жайып салды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы туған сіңлісі мен бұрынғы күйеу баласына қатысты жұрт білмейтін шындықты жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, барлығы Тұрсынбек пен Мөлдірді талқылап жатыр. Көбі Мөлдірді қолдап жатқанын көріп отырмыз. Мен Мөлдірдің әке-шешеміздің қанымен, тәрбиесімен келген тектілігін айтқым келеді. Қанша опасыздық жасалса да, ол Тұрсынбекті мырза деп сыйлап сөйлеп, көңілдесі туралы бір ауыз жаман сөз айтқан жоқ. Әйтпесе, туған апасы ретінде біз де көп нәрсені білеміз. Айтылуға тиіс небір сұмпайы тірліктер Тұрсынбектің абыройын сақтау үшін айтылмады. Мөлдір жоғарыда тұрды, олардың деңгейіне түспеді. 14 жыл шыдады, себебі біздің әулетте отбасы құндылықтары бірінші орында», – деп жазды ол.

Айгүл Түлкібайқызы отбасы тәрбиесінің рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ата-аналары дауыс көтермей, әрдайым сабырмен ақыл айтқан.

«Біздің үйде әке-шешеміз еш кикілжіңсіз өмір сүрді. Қазір туған бауырын сыйғызбай үйінен қуып шыққан адамдарды да көріп жүрміз. Ал Мөлдірдің тектілігі мен сабыры сол тәрбиеден қалыптасқан. Оның барлығы әке-шешеміздің тектілігі, Мөлдір соны бойына сіңіріп өсті және сол себепті отбасын соңына дейін сақтағысы келді», – деді ол.

Жазба соңында Айгүл Түлкібайқызы жұртты Мөлдір Мұқанды қолдауға және отбасы мен ұлттың болашағы үшін дұрыс тәрбие беруге шақырды.

«Мөлдір ешкімнің аяғанына, мүсіркегеніне мұқтаж емес, себебі бізді өмір ерте есейткен, небір сынақтардан өткізген. Берілген интервью оның жан дүниесін бәріне ашып берді. Мөлдірдің жаны нағыз мөлдір екенін бәрі көрді. Өзі айтқандай интервьюда көптеген нәрсенің шеті ғана айтылды, енді осымен шулата бермей Мөлдірге қолдау көрсетіп, дұрыс шешім шығарып, өзімізді және өз балаларымызды дамытайық, дұрыс тәрбие берейік, ұлтымыздың болашағын ойлайық. Мөлдір жалғыз емес, жанында жанын берер бес бауыры, аялайтын ағайындары, шын жанашыр достары бар. Сондықтан да бәрі біз ойлағаннан да керемет болатынына сенімдімін», – деп Айгүл Түлкібайқызы сөзін аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растады.

Серіктес жаңалықтары