$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Атырау мен Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғары болуы мүмкін

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, 5 қараша күні еліміздің екі қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлану деңгейі жоғары болады күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс ауа райы факторларының үйлесіміне байланысты. Мұндай жағдайда зиянды қоспалар ауада тарамай, жерге жақын қабатта шоғырланып қалады.

«2025 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеожағдайлар Атырау мен Ақтөбе қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфераның ластануына әсер ететін ауа райы құбылыстары. Оларға мыналар жатады:

  • тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температура инверсиясы.

Осындай жағдайларда зиянды заттар ауада ұзақ сақталып, олардың таралуы тежеледі. Соның салдарынан ауаның сапасы төмендеп, әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда немесе тығыз қоныстанған аудандарда адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары