$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пәтер уәде етіп, ақшасын қағып алды: Астанада 52 жастағы ер адам ұсталды

Ол алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді

Пәтер уәде етіп, ақшасын қағып алды: Астанада 52 жастағы ер адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрылыс саласында алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің азаматтармен пәтер сату сылтауымен брондау туралы келісімшарттар жасаған. Ақшасын алған соң, ол құрылыс аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлікті меншікке беремін деп уәде еткен. Алайда тергеу кезінде кейбір пәтерлердің бірнеше адамға қатар сатылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің 42 эпизоды тіркелген. Бір жағдайда келтірілген залал сомасы 6,5 миллион теңгені құрады. Тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылған.

«Күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелер жасағанда ерекше сақ болуға және нысандардың заңдылығын мұқият тексеруге шақырады», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары