$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда ер адам мас күйінде әйелі мен енесін пышақтап өлтірді: оған қатысты үкім шықты

Қайғылы оқиға биыл шілде айында болды

Қостанайда ер адам мас күйінде әйелі мен енесін пышақтап өлтірді: оған қатысты үкім шықты
Фото: istockphoto.com

Қостанайда мас күйінде әйелі мен енесін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі kstnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды .

Қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың шілдесінде ер адам өз үйінде әйелімен және енесімен жанжал кезінде олардың өмірлік маңызды ағзаларына бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақат салған. Екі әйел де оқиға орнында көз жұмған. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленуші тараптың өкілі қатаң жаза қолдануды талап етті.

Айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындаған.

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыпталушыға 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ жәбірленушінің моральдық өтемақы өндіру туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары