Қазақстан халқының саны қанша болды – жаңартылған мәлімет жарияланды
Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға өскен
2025 жылдың 3 қарашасында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 445 231 адам болды. Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға өскен, оның ішінде:
- табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
- көші-қон есебінен – 10 200 адам.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 миллионнан асады:
- Алматы – 2 337 023 адам,
- Түркістан облысы – 2 148 207,
- Астана – 1 612 512,
- Алматы облысы – 1 586 875,
- Шымкент – 1 286 087,
- Жамбыл облысы – 1 216 849,
- Қарағанды облысы – 1 131 818.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент.
Демек екі жылдан кейін халқымыз 445 мың адамға көбейіп отыр.