28.06.2020, 00:28
Жаңалықтар
Алматыда сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алуға шектеу енгізіледі
Енді кейбір дәрілер бір адамға 2-3 данадан артық сатылмайды
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алуға шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өткен және осы аптада дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары болды. Адамдар өзін-өзі емдеумен айналысып жатыр. Бір адамға 2 дана парацетамол керек болса, ол келіп бірден 20-сын сатып алады. Сондықтан қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді бір адамға 2-3 данадан артық сатпау керек деген шектеу қойып отырмыз», - деді Заңғар Сәлімбаев.
Оның айтуынша, бұл шектеу медициналық маскаларға деген сұраныс артып кеткенде енгізілген ережеге ұқсас.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты