Ақтөбе облысындағы жол апаты: ауыр жараланған науқас Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілді (ВИДЕО)
Қазақстан ТЖМ ұшағы Ақтөбеден науқасты Астанаға жеткізді
Ақтөбе облысындағы 12 адам қаза тапқан жол апатында ауыр жараланған науқас Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
50 жастағы ер адам Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы арқылы елордаға жеткізілді.
Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды.
«Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді.
ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы қорқынышты жол апатынан 12 адам тіл тартпай кеткені, оның ішінде 10 адам бір ауылдан шыққаны осыған дейін хабарланған болатын.