$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 9 ауылдың халқына 3 мың гектар жайылым қайтарылды

Заң бұзу фактілерін прокуратура тапқан 

Павлодар облысында 9 ауылдың халқына 3 мың гектар жайылым қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысы Аққулы ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңге болатын жайылымдық жерлер қайтарылды. Бұл жерлер енді мемлекет меншігінде болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып, оларды жердің құндылығын түсінетін азаматтарға беру қажеттігін атап өткен болатын. Осы тапсырма аясында Бас прокуратура ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Азаматтардан жайылым мен шабындық жерлердің жетіспеушілігі туралы өтініштердің көбеюіне байланысты жүргізілген талдау барысында 70 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген жер телімдері анықталды.

Мәселен, бір ғана жауапкершілігі шектеулі серіктестік төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымдық жерді мақсатсыз ұстаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, прокуратура актісі бойынша құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылған. 

Серіктес жаңалықтары